• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Мамыр, 13:19:39
Алматы
+35°

Нұр-Сұлтан қаласында мәйіті табылған Сымбат Құлжағарованың өлімінен кейін әкесі Боранғали Құлажағаров президент Қасым-Жомарт Кемелұлына видеоүндеу жасады.

Видеода қайтыс болған қыздың әкесі Сымбаттың психикалық ауытқуы болмағанын айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, бас прокуратураға, жоғарғы сот пен ішкі істер министрлігіне үндеу жасаған.

"Халықтың аянышын тудырған, ызаландырған қызым Сымбаттың басына түскен қайғы мәңгілік сапарға ұласты. Мен қызымның есінің дұрыстығына еш күмән келтірмеймін. Себебі 2020 жылдың 21 қазанындағы дәрігерлік комиссияның қорытындысына қоса өзімнің де көзім жетті.

Осыған орай сіздерден тергеудің жан-жақты, объективті, әділ түрде тексерілуін сұраймын" делінген видеода.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от @symbat_stories

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір